Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық әрекетінің ауқымы белгілі болды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында, Алматы облысында және еліміздің тағы үш облысында кәсіпкерлердің бизнесі мен мүлкін рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан. Қоспаевтың өзі Алматы облысында тұтас бір шатқалды басып алып, онда ешқандай рұқсатсыз ранчо тұрғызып, жылқыларды, ал үйдегі хайуанаттар бағында аю, тіпті африкалық арыстандар жұбын ұстаған. Сәнді үйде мини-кинотеатр, бассейн, спорт залы және банкет залы бар. Сол үйде тамақ әзірлеп, үй жинайтын жұмысшы күштеп ұсталған. Қоспаев ҰҚТ ісінде 130-дан аса жылжымайтын мүлік нысаны, 35 люкс автокөлік, тоғыз миллион доллар қолма-қол ақша және 11 жер учаскесі бар.