Украина президентінің жұбайы Елена Зеленская пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Зеленскаядан COVID-19 инфекциясы анықталған. Қазіргі кезде оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Укринформ агенттігі хабарлайды.
«Елена Зеленская оттегі аппаратына қосылған жоқ. Жағдайы тұрақты» делінген Президент кеңсесінің телеграмм каналында таратылған ақпаратта. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский мен оның балаларынан алынған COVID-19 сынамаларынан ауру анықталған жоқ.
Еске сала кетсек, Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асқан.