Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды
Энергетика министрі бұйрығының жобасына сәйкес сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі. Осыған байланысты бөлшек саудадағы шекті баға өңірге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін өседі. Астана мен Алматыда баға литріне 102 теңгеге дейін өседі. Шымкентте 70 теңгеден 90 теңгеге дейін қымбаттайды.