Елімізде 15 жастан асқан балалар жеке өзі пойызбен сапарға шыға алады. Ол үшін ата-анасының рұқсаты туралы нотариалды куәландырылған сенімхат болу керек. “Жолаушылар тасымалының” өкілдері осылай деп айтты. Жеткіншектерге билет ересек адамдармен бірдей бағада алынады. Ал 15 жасқа толмаған ұл-қыздар тек ересектермен бірге пойызға отыра алады. 7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін болғанымен бөлек орын қарастырылмайды. Ал 7-15 жастағы жасөспірімдер билетің жарты бағасын төлейді. Сондай-ақ бір топ баланы пойызбен тасымалдағанда әр он балаға бір ересек адам жауапты болу керек. Олардың жанында бір медицина қызметкері болуы шарт.