Елімізде 3 кассациялық сот пайда болады

Елімізде 3 кассациялық сот пайда болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кассациялық соттар департаментін құру туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы қаулымен Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамы да өзгертілді. Бұрын оның құрамында жеті адам болған – үш облыстық сот судьясы, үш Жоғарғы соттың судьясы және бір отставкадағы судья. Енді олардың қатарына кассациялық соттың екі өкілі қосылды.