Елімізде ақпан айынан бастап жанармай мен сұйылтылған газ қымбаттайды

Елімізде ақпан айынан бастап жанармай мен сұйылтылған газ қымбаттайды. Баға бірден емес, кезең-кезеңімен өседі деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. Енді Үкімет жанар-жағармай бағасына шекті мөлшер қойып белгілемейді. Министрліктің болжамынша, сұйылтылған газ бағасы 107 теңгеге дейін баруы мүмкін. Бұл елдің орталығы, солтүстігі мен шығыс өңірлеріне қатысты, ал батыста 65 теңге шамасында болады. Бензин бағасының нақты қалай болатыны әзірге белгісіз.