Елімізде қауіпсіздік сертификаты қандай мақсатта қолданылады?

Елімізде қауіпсіздік сертификаты қандай мақсатта қолданылады? Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов қауіпсіздік сертификаты не үшін қосылғанын түсіндіріп берді. “Елімізде шындыққа жанаспайтын, заңға қайшы келетін әлеуметтік медиа арқылы таратылған ақпарат саны артты. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мұндай ақпаратты уақытында анықтап, тұтас интернет ресурсының штаттық функционалын бұзбай, шектеу қою мақсатында қауіпсіздік сертификатын қолданатын болады. Егер азамат оны орнатудан бас тартса, шетелдік интернет ресурстардың қызметін пайдалануға шектеу қойылады”, – деді Руслан Әбдіқалықов.