Республикада күн сайын 150 жұп ажырасады,- дейді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай. “2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта тіркелген некемен салыстырғанда ажырасулар саны 35 пайыздан 43 пайызға дейін өскен. Кейінгі 5 жылда күніне 389 неке тіркеліп, 150 отбасы ажырасқан”, – деді Д.Мыңбай. “Сот жанындағы медиация институтының жұмысын жақсарту, ерлі-зайыптылардың татуласу мерзімін алты айға дейін ұзарту керек. Дамыған елдерде ажырасу ұзақ әрі қымбат процесс”, – деді депутат.