23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұлттық компанияның мәліметінше, осы 7 учаскеде ақы алу жүйесі соңғы тестіден өткен. Осылайша бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент және Щучье – Көкшетау бағыттарындағы 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республиклық жолдар ақылы болады Айта кеткен жөн, осы күнге дейін жүргізушілерден ақы алынбады. Өйткені мұның алдында жүйе тестілеуден өткен.