Елімізде BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шықты

Олар «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты жаңа серияны ашады. Батырхан Шүкеновтің құрметіне номиналы 500 теңгелік күміс монеталарды Ұлттық банк шығарды. 18 мамыр дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толды. Монеталардың сатылымға қай күні шығатыны туралы қосымша ақпарат банктің ресми сайтында жарияланады. Оның таралымы 5 000 дана болады. Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының “Батыр бейнесі” граффитиі бейнеленген. Коллекциялық монеталар нақты құнына сай республикамыздың бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, және елдегі банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.