Елімізде бензин бағасы қайта қаралады

Елімізде бензин бағасы қайта қаралады. Бірінші вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, елімізде бензин бағасы көрші мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Бұл жанар-жағармайдың шетке шығарылуына алып келіп отыр. Ол бензин бағасын көрші нарықтарға жақындату саясаты жүріп жатқанын айтты. «Біз жанармай сыртқа сатылып кетпеу үшін бағасын біртіндеп көршілес елдермен теңестіреміз», – деді Скляр.