Елімізде бірнеше жол ақылы болады

Елімізде бірнеше жол ақылы болады. Учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға бағытталады. Ақылы жүйе туралы Көлік министрлігі осылай деп айтты. “Ашық НҚА” порталында республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар қоғамдық талқылауға шығарылды. Олар: Үшарал-Достық; Тараз және Қарағанды айналма жолы; Бурылбайтал-Шу; Қандыағаш-Мақат жол бөліктері. Көлік министрі ақылы жолдардың бағасын 20 процентке көтеруді жоспарлап отыр.