Елде жыл басынан бері мүгедектер мен асыраушысынан айырылған азаматтар 357 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды, деп хабарлайды Хабар 24. Оның ішінде жарымжан жандарға республикалық бюджеттен 283 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал асыраушысынан айырылған отандастарымызға 74 млрд теңге бағытталды. Еске салайық, мүгедектік бойынша әлеуметтік көмек көлемі 49 мың теңге, ал асыраушысынан айырылғандар 46 мың теңге алады.