Елімізде Болашақ бағдарламасымен бакалавриатқа түсуге болады. Мұндай мүмкіндік халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына беріледі. Бұл норма сенат депутаттары мақұлдаған заң жобасында қарастырылған. Сенатор Алтынбек Нұхұлының айтуынша, заңның мақсаты – баланың құқықтарын қорғау, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру. Заң мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.