Елімізде дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады

Елімізде дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады. Наурыздың 24-інен бастап ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелері жаңартылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығына сәйкес, енді IMEI коды жоқ немесе GSMA халықаралық қара тізіміне енгізілген құрылғылар жойылады. Министрлік елдегі ұялы телефондар үш деңгейде: ақ, сұр, қара тізім қолданылатынын жеткізді. Бұдан былай ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды мен абоненттік нөмір иесінің тіркелген деректерімен сәйкестігін тексереді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 60 күннен кейін күшіне енеді.