Елімізде ең төменгі жалақы жаңаша есептелетін болады.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Енді ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады. Мүдделі мемлекеттік органдар әдістеме жобасын келіскен. Қазіргі уақытта Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулер келісу үшін президент әкімшілігіне жіберілді. Мақұлданғаннан кейін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіледі.