Елімізде енді үлестік құрылысқа қатысу қағидалары өзгертілмек. Тұрғын үй құрылысы кезіндегі ықтимал ауытқулар көлемі екі есе төмендейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үлестік қатысу туралы шартта рұқсат етілген шекті ауытқу көлемі 3% емес, 1,5% болады. Егер құжаттағы келісім сақталмаса, тараптар өзара есеп айырылысуы қажет. Үлескер сатып алған пәтердің ауданы 1,5%-дан аса ұлғайса, ол қосылған алаңның жарты құнын ғана төлейді. Мысалы шаршы метрі 450 мың теңгеден болса, 225 мыңын өтейді. Ал кемісе, компания әр сантиметрінің ақысын толық қайтаруға міндетті.