Қазір инфляция 0,6 пайызға тең. Үкіметте Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов осылай деп мәлімдеді. Жылдық мәндегі азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғары 26,2 пайыздан 16,5 пайызға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы – 17,2 пайызға, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5 пайызға дейін төмендеген. Банк төрағасы азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша бензин мен дизель отынының шекті бағалары көтерілгендіктен жанар-жағармай бағасы өскенін атап өтті.