Елімізде электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланды. Epetition.kz сайтында осындай жаңа петиция пайда болды. Петиция авторы “кикшерингтік компаниялар қауіпсіздікті, ал полиция жеткілікті бақылауды қамтамасыз ете алмайды, сервистерді пайдаланушылар заңға да, әрі адамгершілік принциптеріне де бағынбайды” деген себеппен электр самокаттарын жалға беруге тыйым салуды ұсынды. Әзірге петицияға қол қойғандар саны аз.