Елімізде электрвелосипед жүргізушілеріне жаңа тыйым салынады. Енді оларға жаяу жүргіншілер жолағында жүруге рұқсат етілмейді. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осылай деді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сенат депутаттары көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру туралы заңды мақұлдады. Жаңа заң жобасына сәйкес, электрмен жүретін велосипедті мемлекеттік тіркеуден өткізудің қажеті жоқ.