Елімізде көлік иесіне жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат етіледі. Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Құжатқа сай жүргізушілер көлік құралын тіркеу туралы куәлікті де алып жүруге міндеттелмейді. Ескеретін жайт, бұл өзгерістер шетел азаматтары мен өзге мемлекетте тіркелген көліктерге қатысты қолданылмайды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жол қозғалысына қатысты жаңа құжатты барынша жедел қарау қажеттігіне назар аударды.