Елімізде келер жылдан бастап бюджетті жоспарлау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов белгілі бір кірістер мен шығыстарды болжау кезінде жасанды интеллектіні пайдалану жоспарда бар екенін айтты. Бұған дейін бюджеттік өтінімдерді қарау, деректерді өңдеу қолмен жасалып келген. Қоса кетейік, бүгін Үкіметтің көшпелі отырысы цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналды. Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект курсынан өтеді.