Тыйымды жарты жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері дайындады. “Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы” бұйрықтың жобасы 1 қазанға дейін “Ашық НҚА” сайтында жария талқылау үшін жарияланған. Бұйрықта мұнай өнімдерін шығару көлемі 20 литрден аспайтын контейнерлерде рұқсат бірілгені айтылған. Ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін осындай шешім қажет, – дейді энергетика министрлігіндегілер.