Еліміздің 3300 мектебі мен 4200 балабақшасында лицензияланған күзет қызметі жоқ. Бұл туралы құзырлы департамент өкілі Серік Құспанов мәлімдеді. Оның айтуынша, білім ордаларын күзету мәселесін жергілікті атқарушы органдар мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп шешу керек. Өйткені мұндай мекемелерге қомақты қаражат төлеуге тура келеді. Ал мектеп әкімшілігі оқушылар мен олардың сөмкелерін тексеру жайын өз бетімен реттеуге міндетті. Қажет болса, күзет компаниясын жалдағанда осы бапты келісімшартқа да қосуға болады, – деді Серік Құспанов. Сондай-ақ Петровавл қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиғадан кейін ведомство күзет қызметіне қойылатын талаптарды күшейтті. Мәселен, енді оларда 2 мобильді бригада, қару-жарақ және бақылау орталығы болуға міндетті.