Елімізде мектеп пен балабақшалардағы күзетшілерге тексеріс жүргізіледі. Бұдан былай балаларға қатысты қылмыс жасап, жазасын толық өтегендер оқу орындарына күзетші бола алмайды. Оқу-ағарту министрлігі күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы осындай бастаманы көтерді. Енді елдегі күзетшілер жаппай тексеріледі. “Күзет агенттіктері білім беру мекемелерімен жұмыс істегісі келсе, бірнеше бақылаудан өтеді. Күзетшілер ішкі істер органдарының базасы арқылы тексеріледі”, – деді оқу-ағарту министрлігінің басқарма басшысы Тимур Қастуғанов. Жаңа өзгерістер 27 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылды.