Елімізде несие шарттары қатаңдайды. Жаңа заңға сәйкес, қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады. Ал несиесі бар жігіттер отан алдындағы борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейін 2 ай бойы қарызына өсімпұл есептелмейді. Сондай-ақ отбасыларға жұбайының келісімінсіз кредит беруге тыйым салынады. Одан бөлек, онлайн несие рәсімдейтін алаяқтардың қаптап кетуіне байланысты микро несие алу үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Жаңа заң екі айдан кейін күшіне енеді.