Елімізде қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға айыппұл төрт есе өсті

Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Соған сәйкес, былапыт сөздер үшін айыппұл мөлшері – 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.