Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті осылай деп хабарлады. Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздегі 11 баспа көмектескен. Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, келер жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған. Одан бөлек, қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды.