Елімізде оннан аса блогер салық төледі. Олар қосымша 1,4 миллиард теңге табысын мойындап, декларация тапсырған. Мемлекеттік кірістер комитеті осылай деп хабарлады. Нәтижесінде 73,6 миллион теңге салық төлеген. Бүгінде табысын азайтқаны үшін 854 блогерге камералдық бақылау хабарламалары жіберілген. Бұл хабарламаларда жалпы 71,9 миллиард теңге кіріс көрсетілмегені анықталған. 30 жұмыс күні ішінде оны орындау міндетті.