Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті және «Астана» университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды. «Білім туралы» Заңға сәйкес лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды. Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы университеттерге қабылдаған шешімі туралы ресми хат жіберді. Айта кетейік, диплом беру құқығынан айырылған соңғы екі жоғары оқу орыны аккредиттеу агенттіктерінің сарапшыларына жоспарлы тексерулер жүргізуге кедергі келтірген.