Елімізде ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды. Бастапқы тексерістер Ақтау, Алматы және Астанада жүргізіліп жатыр. Бас авиация инспекторы Жанат Әбдіғалымов осылай деп хабарлайды. Оның айтуынша, бірінші боп жолаушылары көп әуежай тексеріледі. Әсіресе ұшу, авариялық-құтқару және орнитология жағынан қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Экипаж құрамы да басты назарға алынады. Биыл елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900-ден астам тексеріс жасалған.