Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов осылай деп мәлімдеді. “Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Ал әскери дәрігерлердің жалақысы азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі”, – деді Сұлтан Камалетдинов.