Елде темекі тағы 350 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қаржы министрлігі табак өнімдерінің тарифін шамамен 16 мың теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Алкогольге салынатын акциз де өседі. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, елімізде бұл өнімнің тарифі айтарлықтай жоғары. Дегенмен, жаңа келісім дайындалып жатыр. Осылайша 2025 жылға қарай Қазақстандағы акциз мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен теңеседі. Бұдан бөлек Үкіметте құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу мәселесі де талқыланып жатыр.