Елімізде қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін. Бұл норма қазір Қылмыстық кодексінің оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында. Жауапкершілік түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар қарастырылған. «Барлығы жағдайға байланысты. Егер кәмелет жасына толмаған қыз балаға қатысты ма және оны адамдар тобы жасады ма, қандай да бір зиян келтірілді ме, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма, оның бәрі бөлек қаралады, – деп нақтылады Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.