Елімізде жарық бағасы 20 пайызға қымбаттады

Елімізде жарық бағасы 20 пайызға қымбаттады. Оған елдегі 36 электр станциясының тарифті көтеруі себеп. Жаупты министрлік өкілдері осылай дейді. “Жеке және заңды тұлғалар үшін түпкілікті тарифті табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган – Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді. Қазір тарифті бекіттік, ары қарай энергия беруші ұйымдар қағидалары негізінде өтініш тастайды, сосын ары қарай Ұлттық экономикадағы әріптестер шешім қабылдап, жаңа тариф бекітеді”, – дейді электр энергетикасын дамыту департаментің бас сарапшысы Жанарыс Мұсаханұлы. Тұтынушылар электр қуатының бір киловаты үшін екі теңге артық төлейді. Тарифтің өзгеруіне қызметкерлердің жалақысының көтерілуі, отын ретінде пайдаланылатын көмір мен газ бағасының өсуі, және станцияларда жүргізілетін жаңартулар себеп болып отыр.