Елімізде Жоғарғы Сот төрағасы үміткеріне қойылатын талаптар өзгереді

Мәжіліс “Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы” Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасындағы түзетулер екі бөлімнен тұрады. Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылды. Мусиннің айтуынша, қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылды. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады. Түзетулер елдің Жоғарғы Сот органына құқықтың мамандандырылған салаларында үлкен тәжірибесі бар көрнекті заңгерлерді тартуға бағытталған. Бұл түзетулер мемлекет басшысы ұсынған үміткерлерге ғана қатысты болады.