Еліміздегі соттардың өз бюджеті болады. Осы орайда сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделі жасалмақ. Яғни барлық мемлекеттік органдар сынды, Жоғарғы сотқа қаржы бөлінеді. Ол мемлекеттік бюджет шығыс-тарының 6,5 процентінен кем болмауы тиіс. Қаржыны қайда, қалай жарату мәселесі судьялардың жалпы отырысында шешіледі. Оның тиімді жұмсалуын есеп комитеті бақылайды. Жаңа ереже «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, заң жобасында жазылған. Бүгін Сенат депутаттары құжатты қабылдады.