Бұл арктикалық антициклонға байланысты болып отыр. Қазгидрометтегілер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. 27 ақпанда оңтүстікте жауын-шашын және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, қарлы боран соғады.