Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар тас жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Боран салдарынан Самара-Шымкент автожолының батыс өңірдегі учаскелері жабылды. Орал қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аумақта да көлік қозғалысына тыйым салынды.