Ресейдегі жоғары оқу орнында болған атыстан соң біздің елде де алаң туды, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді білім нысандарының қауіпсіздігі тексеріледі. Бұл туралы ведомство жиынында айтылды. Яғни, балабақшадан бастап мектеп, колледж, университеттердің талапқа сай қауіпсіздік құралдарымен қамтылуы және оқыс оқиғаға дайындығы пысықталады. Сондай-ақ жатақханалар да назарға алынады. Сала мамандарының мәліметі бойынша қазір елде 107 университет видеокамерамен жабдықталған. 60 оқу орнында кіріп-шығудың электронды жүйесі орнатылған.