Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгін солтүстік өңірлер мен таулы аумақтарда қалың жауын-шашын күтіледі. Найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Қалған аймақтарда аптап ыстық әлі де сақталады. Қазгидромет мамандары тек солтүстік Қазақстандағы ауа температурасы аздап төмендейтінін болжады.