Елордада аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні сатпақ болған күдікті ұсталды. 35 жастағы Астана тұрғынының қитұрқы әрекетін есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әшкереледі. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Тергеу барысында, ұсталған азаматтың есірткіні Алматыдан сатып алып, оны көлікпен Астанаға жөнелткені белгілі болды. Әрі қарай ол Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларына жасырын сатуды көздеген. Күдіктінің пәтерін тінту барысында 2 келі гашиш, 1 млн-нан астам теңге, сондай-ақ электронды таразылар мен буып-түюге арналған материалдар тәркіленді. Қазір ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталып жатыр. Күдіктіні мүлкі тәркіленумен қатар 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.