Елордада карантин күшейтілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Covid-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғарылап, науқастар санының артуына байланысты қалалық штаб бірқатар қосымша шектеу шараларын қабылдады. Енді мейрамхана, асхана, нотариус, жылжымайтын мүлік және жарнама агенттіктері, туроператорлардың және тағы басқа мекемелердің жұмыс кестесі қысқарады. Қоғамдық тамақтану нысандары сағат 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал жексенбіде автобус жүрмейді. Өйткені қоғамдық көліктерде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.