Елордада сот істерін онлайн қарау кейінгі қалдырылды. Өйткені жекелеген судьялар мен қызметкерлерден коронавирус анықталған. Содан қала соттары 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантинге жабылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартуға байланысты және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар қаралады. Аталған шаралар азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған» делінген Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.