Елордадағы қыруар қаржыны талап еткен Қабанбай батыр даңғылын қайта жаңғырту жобасы тоқтатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Қазақстан үшін тиімсіз. Әрі Нұр-Сұлтандағы шамадан тыс кептеліс мәселесін де шешпейді. Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың жазында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елорданың басты көшелерінің бірін кеңейту жобасын ұсынған болатын. “Салтанат Сарайынан” әуежайға дейінгі жолды 8 жолаққа дейін ұлғайту көзделген. Оған 91 миллиард теңге қаржы қажет болған. Оның бір бөлігін Қытайдың Экспорт-импорт банкінен алу жоспарда болған. Алайда қазақстандықтар жобаның шектен тыс қымбаттығына наразылық білдірген.