Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов 88 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Райымқұлова Қазақстан мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Шот-Аман Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
“Шот-Аман Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты”, – деп жазды Райымқұлова.