Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамақта ұстау уақыты наурыз айының соңына дейін ұзарды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ. Экс-министрдің қорғаушысы мұны заңсыз деп есептейді. Ол президенттің атына хат жолдады. “Үй қамақта ұстау мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзарды. Мұны заңсыз деп есептеймін. Сондықтан, президенттің атына хат жолдадым. Оған үндеуім жетеді деп ойлаймын”,- дейді заңгер. Адвокаттың айтуынша, Біртановты үй қамауында ұстау және ешқайда кетпеу туралы қолхат алу үшін заңды негіздер жоқ.