Енді бірқатар америкалық БАҚ мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды. АҚШ-тың Үкімет тиімділігі департаменті қазір осындай үнемдеу саясатын жүргізіп жатқанын жеткізді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің мәлімдеуінше, Politico басылымы бұдан былай салық төлеушілердің қаражатынан бір цент те алмайды. Бұл шешім басылымның жазылым мен басқа да мемлекеттік келісімшарттар арқылы 8,4 миллион доллар алғаны анықталғаннан кейін қабылданды. USA Spending.gov мәліметінше, Associated Press АҚШ үкіметінен 619,968 доллар, Reuters 3,1 миллион доллар, ал The New York Times 3 378 266 доллар алып келген. Осы ретте Илон Маск мұны салық төлеушілердің қаражатын тиімсіз пайдалану деп сынады. Ол пайдасыз шығындар жойылуы керек деді.