Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған күзде Қазақстанға келеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді. “Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық оныншы саммитіне президент Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жумылдыруға уағдаластық”, – деді Нұртілеу Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен кездесуден кейін. Оның айтуынша, саммит серіктестігімізді стратегиялық тұрғы да дамытудың тағы бір жолы. Айта кетері, Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Түркістан қаласында өтеді. Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан келді.