Ол бұл қызметке 2020 жылдың қыркүйегінен бастап келген болатын. Ол еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1999 жылдан 2020 жылға дейін президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы, “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы” РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.